Қызылорда облысы 3 дүркін жеңімпаз

Қызылорда облысы 3 дүркін жеңімпаз Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыстар өтті.
Айтулы жарыста Қызылорда облысының ұлдар құрама командасы 180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, 3 дүркін спорт ойындардың жеңімпазы атанды.
Жекелей есепте 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Ергенбай спорт ойындардың алтын жүлдесін иеленді. 85 келіде Аят Әмірбеков пен +105 келіде Мейіржан Молдағали күміс, 77 келіде Арыстанбек Жақанша қола жүлделерді еншіледі.
Қыздар арасында 90 келіде Гүлназ Шәмиева 2-орынға ие болды.
Арыстанбек Жақанша мен Евгений Ломанов маусым айында Токиода (Жапония) ауыр атлетикадан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына, Аят Әмірбеков қыркүйек айында Ашхабадта (Түркіменстан) болатын Азия ойындарына қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2017 г. 449 0