Қаратереңде жаңа мектеп пайдалануға берілді

 Қаратереңде жаңа мектеп пайдалануға берілді  Арал. Аудандағы шалғай елді мекеннің бірі – Қаратерең ауылында 300 балаға арналған мектеп пайдалануға берілді. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
   Аталмыш мектептің құрылысы осыдан үш-төрт жылдай бұрын басталған еді. Дегенмен түрлі себептермен білім ошағының пайдалануға берілу мерзімі кешеуілдеп келді. Бұл мәселемен танысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оның құрылысын толық аяқтап, халықтың игілігіне айналуына баса назар аудару қажеттігін міндеттеді. Нәтижесінде 1500-ден астам тұрғыны бар елді мекен сәулеті көз тартарлық мектеп өрендерге есігін айқара ашты. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2014 г. 1 098 0