Орталық алаңда «Елім деп соғар жүрегім» атты жалпыреспубликалық жастар флешмобы өтті. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне, соны¬мен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай ұйы쬬дастырылған шараға 100-ге жуық әс-кери-патриоттық қауымдастық пен жастар ұйымдарының белсенділері қатысып, қаз-қатар сап түзеді, патриоттық әннің сүйемелдеуімен бір сәтте «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл» жазуын бейнеледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, оларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеуді көздейді. Флешмоб қатысушылары да көңілді шарадан табылғанына қуанышты екенін айтады.
М.СЫРЛАН.