Базар тазалығы басты назарда

Базар тазалығы басты назардаҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №131 қаулысына сәйкес базар әкімшілігі базар аумағын уақытылы тазалауды және абаттандыруды қамтамасыз етуді, базарда ай сайын кестеге сәйкес санитарлық күн өткізуді, қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақтау, қарауылдық күзет ұйымдастыру және базарды абаттандыру бойынша шаралар қабылдауды жүзеге асыруы тиіс.
Осы орайда, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап айына 1 рет қала аумағында орналасқан сауда базарларында арнайы санитарлық күн белгіленді.
Мақсат – қаладағы сауда базарлары тарапынан аймақ тұрғындарына сапалы әрі барлық талаптарға сай қызмет көрсету болып табылады.
Кеше «Сыбаға» базары аумағында жоғарыда көрсетілген талаптарға сай тиісті ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысын қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ бақылап, өз ұсыныстарымен бөлісті. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар ай сайын жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2017 г. 520 0