
Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Маханбет Бержанов, Яхия Тасыров және Дәуітбай Сақтағановты мерейлі мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Сырдариялық майдангерлерге Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедтің, ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың Құттықтау хаттары табысталды. Аудан басшысы игі тілегін жеткізіп, арнайы сый-сияпат берді. Соғыс және еңбек ардагерлері зұлмат жылдар туралы естеліктерін айтып, Жеңіс мерекесінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, ақ баталарын беріп, егемен елдегі бейбітшіліктің баянды болуын тілекке қосты.