Амбулаторлық дәрілік заттарды қамсыздандырудың жаңа моделі күтілуде

Амбулаторлық дәрілік заттарды қамсыздандырудың жаңа моделі күтілудеЕмделушілер арасында сапалы дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарудамыз. Әрине, емдеушілердің құқығы басты назарда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак хабарлады. 
Парламент тыңдалымы барысында дәрілік заттарды қамсыздандырудың маңызды мәселелері талқыланады және осы саланың мәселелерін шешу жолдары айқындалады деп жоспарлануда. 
Соның бірі- амбулаторлық дәрілік қамсыздандырудың жаңа моделі. 
«Барлық моделдер түрлендіріледі. Жақсартылады және жетілдіріледі. Осы рәсімдерді енгізу кезең-кезеңмен өтеді. Барлығын бірден түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Енгізу аясында міндетті әлеуметтік сақтау құқығын таңдау әрине емделушінің қолында. Өз таңдаған дәріханадан қажетті дәрілік заттарды алатын болады»,-деді Лариса Пак. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 548 0