Қазақстанның фармацевтикалық нарығында 200 кәсіпорын жұмыс жасайды

Қазақстанның фармацевтикалық  нарығында 200 кәсіпорын жұмыс жасайды Ағымдағы жылдың 12 мамырында парламенттік тыңдауда отандық фармацевтикалық саланың даму мәселесі талқыланатын болады. Сондай-ақ, Парламент тыңдалымын өткізу және дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі Бейбіт Мамраев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі түрлі өсімдікті пайдалана отырып, фармацевтикалық  индустрияны дамытуға болатынын алға тартты. 
«Қазақстанның фармацевтикалық жазығында 200 –ге жуық кәсіпорын қызмет атқарады, оның 90 пайызы импортқа шығарылатынын және 10 пайызы ғана отандық айналымға жіберіледі. Бұл туралы парламенттік тыңдалымда қаралатын болады. Қазақстанның түрлі өсімдік қорында отандық фармацевтиканы дамыту жоспарлануда. Осы саланы жетілдіру қажет»,-деді Бейбіт Мамраев. 
Спикердің айтуынша, фармацевтикалық индустрияны дамыта отырып, тегін дәрілік заттарға қол жеткізуге және толық қамтамасыз етуге болады. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 464 0