Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Аудан тәрбиешілерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін таразылаған байқаудан көпшілік  осындай ой түйгендей. Кент орталығындағы №11 «Балапан» балабақшасы типтік үлгіде салынып, соңғы жылдары пайдалануға берілген мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін іргелі ұжымның бірі.
Жуырда осынау бүлдіршіндер ордасында тағлымды шара мәреге жетті.  Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиешілерінің арасында өткен «Үздік балабақша тәрбиешісі - 2017» байқауына 16 тәрбиеші қатысты. Олар төрт кезең, яғни, «Мамандығым-мақтанышым», әдістемелік, нормативтік-құқықтық білімін тексеру, шығармашылық қоржын (заманауи  көрнекі құралдар, баспа материалдарын ұсыну), панорамалық оқу қызметі (инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану) бойынша сынға түскен еді.
Байқау қортындысымен №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Гүлдана Уразымбетова «Үздік балабақша тәрбиешісі – 2017»  атағын иеленсе, «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Айгерім Жақыпова топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 628 0