Соғыс ардагерлеріне қамқорлық танытты

Соғыс ардагерлеріне қамқорлық таныттыЖеңіс күні қарсаңында 4-5 мамыр күндері облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен республикалық «Қамқор» акциясы аясында облыстағы Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне азық-түліктей көмек көрсетіліп, қамқорлық танытылды.
 Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің шаңырақтарына облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея мүшелері және этномәдени бірлестіктің жетекшілері, БАҚ өкілдері барды.
Облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова «Ұрпақтар сабақтастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастаған емес. Сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді ұлағаттап келеді. Арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету – азаматтық парызымыз. Сіздерді облыстық ассамблея атынан айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз», - деп, мереке қарсаныда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Алғыс хат табыстады.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 618 0