Бүгін Бәраат түні

Бүгін Бәраат түніБүгін қасиеттi Бәраат түнi! Яғни, Қасиетті шағбан айының 15-түні (ол биыл мамырдың 10-11-не қарайды) – қасиетті Бәраат түні. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.
Бәраат қандай түн?
Бәраат түні – шағбан айының 14 мен 15 арасындағы түн. Құран Кәрім Ләухул махфузға осы күні түсті. Аллаһ тағала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі.
Бұл түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қандай дұға оқитын?
Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. "Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәшширки бәрийән лә кафирән уә шақийән” дұғасын көп оқыған. Шағбан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.
Хадисте не айтылған?
Хадис шәрифтерде былай делінді: "Шағбанның он бесінші түні болғанда түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу тағала былай дейді: "Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Рызық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейі!н”. Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.
"Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер”.
"Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзген адам, өзін жоғары санаған және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.”
Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. "Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн шағбанның он бесінші түні” деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу тағала кешіреді. Тек мүшріктерді, сиқұыршыларды, бал ашушыларды, сараңдарды, ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.
"Осы жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Осы жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық ризығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу тағалаға ұсынылады.”
Бәраат түнінің Қадір түнінен айырмасы қайсы?
Бәраат түнін олжа, мүмкіндік деп біліңдер! Өйткені, ол – белгілі бір түн. Шағбанның 15-түні. Қадір түні өте қадірлі болса да, қай түн екендігі белгісіз. Бұл түні көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қиямет күні  өкінесіңдер!” Қияметте өкініп қалмау үшін бұл түнді олжа деп біліп, тәубе етіп, кешірім сұрау керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран Кәрім оқып, мұсылмандарға дұға ету керек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 1 032 0