Сыр сақшылары ағаш отырғызды

Сыр сақшылары ағаш отырғыздыОблыстық Ішкі істер департаменті аумағында дәстүрлі түрде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Шараға департаменттің барлық қызметкерлері қатысты. Қазақстан полициясының 25 жылдығына орайластырып өткізілген бүгінгі сенбілік өзге сенбіліктерден ерекшеленіп отыр. Себебі полиция қызметкерлері полиция қызметінің торқалы тойын тарихта қалдыру үшін көшет отырғызды. Тәртіп сақшылары бүгін егілген көшеттердің тез жапырақ жайып, келесі айтулы мерейтойға таяу жайқалып өсетініне сенім білдірді.
Көшет отырғызумен қатар, департамент ғимаратының аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимарат аумағы көркейіп, әсемдене түсті. 3 сағатқа созылған аталмыш шара қуанышты көңіл-күймен аяқталды.
Айта кету керек, қаланы көгалдандырумен қатар күл-қоқыстан тазарту жұмыстарынан қызылордалық тәртіп сақшылары шет қалған емес. Бұдан бұрын өткізілген сенбіліктерде ағаштар егіліп, отырғызылған ағаштар саны артуда. Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгетіндерге қарсы күрес шарасы да жалғасын табуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 625 0