Сот ұжымы ардагерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Сот ұжымы ардагерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтадыЖеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді.
9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі. Жеңістің 72 жылдығына орай Қызылорда облыстық соты мен ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы Ұлы отан соғысының ардагері Ибрагим Нұрымбетовты мерекесімен құттықтады.
Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Айбек Дәуренбеков: «Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан барлық ардагерлеріміздің өмір жолын үлгі ету, құрмет білдіру кейінгі ұрпаққа парыз»- дей келе, ардагерге денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына ырыс пен береке, шадыман шаттық тіледі. Ал, филиал хатшысы қалалық соттың судьясы Гүлжан Мырзатаева сот ұжымының арнайы сый-сияпатын табыстады.
Ұлы отан соғысының ардагері Ибрагим Нұрымбетов сот ұжымына көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып, ақ батасын берді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 601 0