Батырдың атына көше беріліп, ескерткіш тақта орнатылды

Батырдың атына көше беріліп, ескерткіш тақта орнатылдыОблыс әкімдігінің қаулысымен және облыстық мәслихаттың шешімімен қала орталығындағы Сәулет – 22 көшесіне, Ұлы Отан соғысының және Кеңес Одағының батыры Біліс Нұрпейсовтың есімі берілді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ұлы Отан соғысы батырының атына көше беру және ескерткіш тақтаның ашылу шарасына, Б.Нұрпейсовтың бауырлары, ағайын-туыстары, қала тұрғындары және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
– Бұл шара, еліміздің ең қасиетті де, қастерлі мерекелері қарсаңында ұйымдастырылуымен ерекшеленіп отыр. Киелі Сыр өңірінің даңқты перзенттерін құрмет етудің тағы бір шарасын өткізудеміз. Қаламыздың көрікті ауданындағы көшелерінің бірін Ұлы Отан соғысының және Кеңес Одағының батыры, бар қажыр – қайратымен ерен ерлік көрсеткен Нұрпейсов Біліс атамыздың атымен атағалы тұрмыз. Біліс Нұрпейсов бойындағы қайсарлығы мен батыр болмысының арқасында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында, өмiр мен өлiм белдескен алапат айқаста ерен ерлік үлгісін көрсете білген батыр тұлға. Қасиеттi мереке күнi бiз азаматтық арды ту етіп, өз өмiрлерiн құрбан еткен батыр бабаларымыздың алдында бас иемiз. Салтанатты түрде ашылғалы тұрған жаңа көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтатар көрікті орындардың біріне айналсын, – деген қала әкімі Н.Нәлібаев, барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, шара барысында Б.Нұрпейсовтың інісі Жүсіпбай Нұрпейсов, Алексей Мылтықбаев батырдың өмір жолы мен ерлік жолы туралы сөз етті.
Айта кету керек, Біліс Нұрпейсовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 2 рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 2 мәрте «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш-штурман, гвардия аға лейтенанты Біліс Нұрпейісов 1945 жылғы 23 сәуірде Германияның Берлин қаласында ерлікпен қаза тапқан. Батырдың атына көше беріліп, ескерткіш тақта орнатылды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2017 г. 842 0