Сейсенбі күні, жасылдар партиясының мүшесі өзінің екі айлық Алия Джой атты қызын парламентте дауыс беру барысында емізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.
Өткен жылы Аустралия парламенті бала емізуге рұқсат берген болатын. Сонымен Уотерсқа дейін ешкім бұл құқығын пайдаланып көрмеген. Осыған дейін балаларды жиналыс залына кіргізуге тыйым салынған. Ғалымдар баланы емізу олардағы интелектті арттырады дейді. Ресми бала емізу рұқсаты 2015 жылы министр Кейли О’Дваердің қызметін тоқтаусыз атқаруы үшін берілген.
«Бізге парламентте әйел адамдар мен көптеген ата-аналар қажет. Және отбасыға ыңғайлы көп деген жұмыс орындарын ашуға тиіспіз», - деп жазады Уолтерс өзінің «Фейсбук» парақшасында