Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.  
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Т. бұрын кәмелет жасқа толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған, алайда бір жыл мерзімде қайталап кәмелетке толмаған баласына  түнгі уақытта қоғамдық орында заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘқБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 23 825 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке томлағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2017 г. 427 0