Күндізгі 30 минуттық ұйқы денсаулыққа қалай әсер етеді?

Күндізгі 30 минуттық ұйқы денсаулыққа қалай әсер етеді?Бақыттың кілті неде екенін білесіз бе? Ал күндізгі уақытта 30 минут ұйықтап алудың өміріңіз үшін пайдасы мол екенін білесіз бе? Күндізгі жарты сағаттық ұйқы көңіл-күйіңізді 66℅-ға дейін жақсартады. Ғалымдар күндізгі 30 минуттық ұйқының адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін анықтады. «Қысқа уақыттық ұйқы шығармашылық белсенділігіңізді арттырады. Мұнымен қатар, ол бақытты болуыңызға септігін тигізеді», – дейді Хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзман.
Алайда тым көп ұйқы кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, жарты сағат қана ұйықтаған абзал. Эдинбургтегі Халықаралық ғылыми фестиваль өткізген зерттеуге 1 000-нан астам адам қатысты. Зерттеуден кейін, жарты сағат ұйықтағандардың 66℅-ы өздерін жақсы сезініп тұрғанын айтқан. 18-30 жас аралығындағы қатысушылардың 43℅-ы көбірек ұйықтауға тырысқан екен.
«Жұмыс арасында ұйықтап алу арқылы белсенділікті бірнеше есе арттыруға болады. Ben & Jerry, Google сынды алпауыт компаниялар қызметкерлеріне арнап кеңсеге жатын орындар жасаған», – дейді профессор Вайзман.
Күндізгі ұйқының уақыты созылып кеткен жағдайда адамның жүрегі ауыратын болады. Ал күндіз түскі астан соң сәл ғана мызғып алу Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеті екенін де білетін боларсыздар.

mazhab.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2017 г. 525 0