Қызылордада алиментшілер балаларына 154 млн теңге қарыз

Қызылордада алиментшілер балаларына 154 млн теңге қарызҚызылорда облысында алиментшілер балаларына 154 млн. теңге қарыз. Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, бүгінде 324 адам перзенті алдындағы қарызын немесе парызын өтеуден жалтарып жүр.
Биылғы жылдың басында Қызылорда облысының әділет департаментінің аумақтық филиалдарында алимент төлемдерін өндіру бойынша 8421 өндіріс болса, қазіргі таңда 549 өндіріс аяқталған (57 нақты, 289 орындаусыз кері қайтарылған, 203 тоқтатылған).
Бүгінгі күні 4750 іс бойынша алименттер борышкерлердің жалақыларынан өндіріліп тұрса, 2709 борышкер төлемдерді өз еріктерімен өтеп отыр. Облыста орындалуы қиындық туғызып отырған 324 өндіріс бар, олардың берешегі 153 млн. 891 мың теңгені құрайды. Бұған дейін сот орындаушылары алимент төлеуден жалтарған 46 адамнан перзенттеріне 12 млн.теңге өндіріп берді.
Жыл басынан 234 борышкердің қылмыстық жауапкершілігін қарау туралы ҚР ҚК 139-бабына сәйкес 234 ұсыным жолданған. Нәтижесінде 60 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның 56-сы тергеу барысында қысқартылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2017 г. 511 0