Самбодан халықаралық мемориал басталады

Самбодан халықаралық мемориал басталады6-7 мамыр  күндері  Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал басталады. 
Осымен 22 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан дүбірлі бәсекеге Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 23 команда, 200-дей самбошылар  9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. 
Турнир соңында қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. 
Жарыстың басталуы: 6 мамыр күні сағат 10.00-де,  салтанатты ашылуы
15.00-де. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2017 г. 459 0