Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылуда.
Сәуір айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Заң – тәртіп таразысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында облыстық прокуратура, жоғарғы оқу орындарының заңгерлері, ішкі істер департаменті жергілікті қызметінің ювенальды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мамандары кеңес беріп, хабарлама жасады. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қалалық пробация қызметі мекемесінде «Заңгер маман кеңес береді» тақырыбында кеңес беру, «Заңды зерделей білесіз бе?» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің маманы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі, облыстық «Сыр аналары» қоғамдық қорының төрайымы, психолог мамандар қатысып тұрғындар мен қатысушыларға сауалдарына сәйкес кеңес берді.
Әлеуметтік жоба аясында облыс тұрғындарын құқықтық сауаттандыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында заңгер мамандармен қоғамның әр саласында кездесетін мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Заңгер-мамандардың кеңесін тыңдап, сұрақтарына жауап алды. Облыс орталығындағы жастар көп жиналатын орындарға түнгі рейдтер жүргізілді. Жоба жоспарына сәйкес тұрғындардың құқтық сауаттылығын арттыру бағытындағы кездесулер, кеңес беру жұмыстары, ашық есік күндері, акциялар, түнгі рейдттер жүйелі жүргізіледі.