Бүгінгі күні сот жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алып, айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Азаматтардың сотқа еркін жүгінуін, соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін сот тәжірибесіне озық технологиялар енгізілді.
Тәуелсіз сот төрелігін, заң үстемдігін және соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты Ұлт жоспарындағы 19-қадамның 11 қадамы толығымен орындалды. Сот саласын реформалау барысында сапалы судьялар корпусын құру бойынша шаралар жүзеге асырылды. Сот жүйесінде сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруды көздейтін сот процестерін үн-бейнетіркеуді дамытуға бағытталған озық жобалар енгізілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР Жоғарғы Сотында «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесі жобасы таныстырылды.
Жалпы, «Заңдылық» жобасының мақсаты – Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесін интеграциялау есебінен қылмыстық процестің сапасын арттыру. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты қоса алғанда, өзге де базалармен интеграциялану күтілуде, соның нәтижесінде мүгедектік туралы, полиция қызметкерлерінің арнайы атақтарының бар-жоқтығы және т.б. деректер автоматты түрде берілетін болады. Бағдарламаға нақты кезеңге арналған барлық өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекстің барлық нормалары жүктелетін болады. Жүйе, мәселен, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күнгі айлық есептік көрсеткішті ескере отырып айыппұл мөлшерін, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың ерекшеліктерін немесе жазаны сіңірудің дұрыс тәртібін анықтай алады.
«Заңдылық» жүйесін іске асыру қылмыстық сот төрелігінің сапасын арттыруға, тиімсіз құжат айналымы мен қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарау барысындағы процеске қатысушылардың заң бұзушылық бойынша шағымдарын азайтуға бағытталған.
Аталмыш жоба барлық ұйымдастырушылық рәсімдер аяқталған соң 2017 жылдың шілдесінде қолданысқа енгізіледі деп күтілуде.
Республика судьяларының VI съезінде Елбасы әділ сот төре¬лігінің халықтың барлық топ¬тары үшін қолжетімді болуын қам¬тамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, төрешілдік тосқауылдарды жояды.
Бұл сот ісінің жариялылығы мен ашықтығы, еліміздің әрбір азаматының әділ сотқа еркін қол жеткізуге, өзінің конституциялық құқығын қорғауға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Т.Тілеп,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы