
Кеше Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бабас» бизнес орталығында «Go working» орталығының ашылу салтанаты өткізілді.
Аталған шара барысында өнерпаз жастардың концерттік бағдарламасымен бастау алып, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев сөз сөйлеп, ашылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, «Бабас» бизнес орталығындағы 305 кеңседе, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіл орталық жұмысының мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Жалпы орталық қызметі жұмыссыз, девиантты мінез құлықты, жалдамалы жұмыспен қамтылған жастарға тегін құқықтық кеңес беру, арнайы білікті сала мамандарының өткізілуімен оқыту курстары ашылып оқытылатын болады. Бүгінгі орталық қызметіне бірнеше жастар ұйымдарының басшылары келіп, ыстық лебіздерін білдірді.