
Арал аудандық прокуратурасымен «Отбасы құндылығы, Отан отбасынан басталады, бақыт жолы білімнен табылады» тақырыбында №262 мектепте Арал қаласындағы барлық мектептердің 8-11 сынып оқушыларымен ашық дискуссия құру кездесуі өткізілді.
Кездесуде аудандық прокуратура және аудан әкімдігімен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында әзірленген бірлескен іс-шаралардың Бағдаржолы назарларына ұсынылды.
Екі бағыттан тұратын бағдаржолдың біріншісі - пайымды үйірме ұйымдастыру. Ол үшін барлық мектептерде үйірме есебінде елімізде кеңінен таралған Жайдарман, Дебат сайыстарын өткізу.
Себебі, бұл сайыс балаларды халық алдында ораторлық сөйлеу қабілеттерін арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, бір-бірімен қарым қатынастарын нығайтуға үлес қосады.
Екінші – спортты дамыту. Прокуратурамен барлық мектептерде кешкі сабақтан тыс уақытта және жазғы демалыс уақытында балаларды мектептің спорт залымен қамтамасыз ету ұсынылып, нәтижесінде өз қолдауын тапты.
Жиында аудан прокуроры Б.А.Тоқмырза осы тақырып төңірегінде отбасы адам баласы үшін ең қымбат қазына екендігін, ата-ананы әрдайым құрметтеп, ұлықтап, қастерлеу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, жиынға жастар белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, жеті оқушы өлең оқуымен жалғастырды.
Аудан прокуроры Б.А.Тоқмырза белсенділігімен көзге түскен жеті оқушыға аудан прокурорының мадақтамалары табысталатынын жеткізді.