
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында жалғасын тапты.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Нұржан Сүлейменов, қордың жоба жетекшісі Қайрат Жанұзақ шара шеңберінде тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтып, тақырып төңірегіндегі баяндамаларымен бөлісті. Аталған қызметтердің тиімділігін алға тартып, алдағы уақытта осындай шаралар легі жалғасатынына тоқталды.