19 елдің арасында өткен әскери оқу-жаттығуда біздің жауынгерлер екінші орынды иеленді. Бұл қазақ әскерінің соғысқа қабілеттілігін көрсетеді, деді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері - Тәуелсіздік күзетіне 25 жыл» лекциясының барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Мұқтаров.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет заманауи әскери Су-30СМ тікұшағы пайдалынысқа берілді. «Бүгінгі таңда бұл әлемде көпфункционалды ең үздік әскери ұшақ болып саналады»,-деді Талғат Мұқтаров.
Генерал-майордың мәлімдеуінше, Қарулы Күштер құрылысының бірден бір басымдылығы заманауи қарумен және әскери техникамен жабдықтау болып табылады. «Бізде әскери Су-30СМ ұшағынан басқа С-295 ұшағы, МИ-17, ЕС-145 "Еврокоптер" тікұшақтары; С-300 зениттік зымыран кешені; «Арлан» әскери көлігі; БМПТ танкті қолдаушы, заманауи БПЛА, Барс МО зымыран-артиллерия кемесі бар»,-деді Талғат Мұқтаров.
Генерал-майордың айтуынша, ұлттық қауіпсіздікті әрі қарай нығайтудың бірден бір бағыты әскери салада халықаралық әріптестік болып саналады.
Қазіргі таңда халықаралық терроризм мен экстремизм, заңсыз есірткі саудасы, суық қару өзінің ауқымы, қатыгездігі мен адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналды. Осы терроризмге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Лекция соңында оқушыларға Қазақстан Республикас Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жылдығына арналған арнайы бейнеролик көрсетілді.