Мерзімді әскери қызметті өтеу мерзімі өзгертілген жоқ

Мерзімді әскери қызметті өтеу мерзімі өзгертілген жоқБұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің 25 жылдық мерейтойына орай өткізген интерактивті дәріс барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров мәлімдеді.
«Расында ел ішінде әскери қызметті 1 жылдан 2 жылға ұзартады деген ақпарат шықты. Бірақ заң жүзінде 1 жылдық уақыта белгіленгендіктен мерзімді әскери қызметті өтеу уақыты өзгеріссіз қалды. Борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздарға әскери әдіс-тәсілдерді оқып үйренуге он екі ай жеткілікті деп ойлаймын. Біз оларды жүргізуші, атқыш секілді маңызды мамандықтарға баулып, 1 жылдың ішінде толық игеріп шығуларына толық мүмкіндік жасаймыз. Өйткені біздің арнайы әскери округтерімізде мамандандырылған оқу орталықтары жұмыс жасайды. Келген жастар негізгі әскери бөлімге жеткенше сол жерден жан-жақты даярланып, дәріс алып шығады» деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 мамыр 2017 г. 549 0