
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астана» қақпасына алыстан тура соққы жасап, ғажайып гол салып кетті.
«Қайрат» -«Астана» матчы кеше «Астана-Арена» стадионында Қазақстан премьер-лигасының 10-туры аясында өткен болатын. Қазақстанның қос үздік командасы арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Астана осы матчқа дейін бес тур қатарынан гол жібермей келген болатын. Ойынның 35-ші минутынды Исламбек Қуаттың алыстан әуелете бағыттаған соққысы Александр Мокинге еш мүмкіндік қалдырмастан, қақпа торын бүлк еткізді.
Станимир Стойловтың командасы тек ойынны 87-ші минутында ғана есепті теңестіре алды. Срджан Граховацтың соққысы нәтижелі болды.
Baq.kz