Кабулда жанкешті НАТО көлік колоннасына шабуылдады

Кабулда жанкешті НАТО көлік колоннасына шабуылдадыКабул орталығында 3 мамыр күні таңертең үлкен жарылыс болды. Нәтижесінде 8 адам қаза тауып, 25-і жараланған.
Жанкешті «Toyota Corolla» маркалы көлігімен Ауғанстандағы НАТО миссиясы қолданатын бронетасымалдаушы колоннасын кесіп өткен. Ауғанстан ІІМ бас хатшысы Наджиб Доништің сөздерінше, терактіден 8 адам қаза тапқан, 25-і жараланған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қабулдағы жарылысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы жауапкершілігіне алған. АҚШ Қарулы күштері баспасөз хатшысы капитан Билл Салвин жанкешті шабуылынан үш америкалық әскери қызметкер жараланды деп хабарлайды. Минадан қорғалған бронекөлікке аздап зақым келген. Жанкешті АҚШ елшілігі, Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі, Жоғарғы соты орналасқан ауданға жарылыс ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 мамыр 2017 г. 576 0