2017 жылдың 05 қаңтарында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылының 53 жастағы тұрғыны арызданып, ауылдан 3 шақырым жерде жайылып жүрген 3 бас сиыры ұрланғандығын хабарлаған болатын.
Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында сәуір айында «барымташылық жасады» деген күдікпен 50 жастағы, 45 жастағы және 34 жастағы 3 ер адам ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған тұлғалардың өңірде орын алған 14 мал ұрлығы қылмысына қатысы бар екендігі және барлығы 56 бас сиыр малы қолды болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі