БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІОблыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен балалардың әлеуметтік жобалар байқауы Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей – интернатында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтті.
Байқау  II - кезең бойынша  11 – 18 жас аралығындағы оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып, балалардың 15 жобасы қаралды. 
Шараның мақсаты: балаларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, өз қала, ауылының тыныс – тіршілігіне қатысу құқықтары мен дағдыларын қалыптастыру, балалар бастамаларын іске асыру үшін алаңдар құру болып табылады.
Жобаларды білім саласының мамандары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері сараптады. Ең үздік деп танылған 3 жоба республикалық кезеңге  жолданды. Олар:Қазалы ауданының № 258 орта мектеп оқушысы Еденбаева Айда, Қармақшы ауданының №269 орта мектеп оқушысы Аймағанбетов Дәулет, Қызылорда қаласының № 267 орта мектеп оқушысы Сәрсенбаева Аружан.  
Жеңімпаздардың жобалары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің  www.bala-kkk.kz ресми сайтында және «Балалар бастауы – 2017» әлеуметтік жобалар жинағында жарияланатын болады.

 
 




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 мамыр 2017 г. 583 0