
Бүгін Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлер мүшелері Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында «Incheh Broon Farogir Cooperative, Inc» компаниясының Бас директоры және Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары Садеги Али Насер, ет комбинатының құрал-жаюдықтарын жасау зауытының инженері Насербахт Багер Жамшид бар.
Сапар барысында ирандық кәсіпкерлер «Сыр маржаны» ЖШС-нің Шеңгелді учаскесінде орналасқан 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңында болып, келешек ет комбинатының орнын белгіледі. Серіктестіктің күріш зауытымен, №1 егістік бригадасындағы күріш себу жұмыстарымен танысты.
Өз кезегінде ирандық делегация Сыр өңірі, оның ішінде Қазалы ауданымен сауда-экономикалық байланыстарының одан әрі нығаюына ниетті екендіктерін жеткізді. Және ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, «Сыр маржаны» ЖШС директоры М.Өтеевпен келісімшартқа отырды.