Дария деңгейі бір қалыпты

Өткен сенбі күні Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев Сырдария  өзені жағалауының су тасқыны қаупі бар аймақтарымен мақсатында болған жұмыс сапарында  Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінде болып,  округ аймағынан өтіп жатқан өзеннің су тасқыны ықтимал аумақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың су тасқынына дайындық жұмыстары туралы хабарламасын тындады.
Бүгінгі таңда Жосалы кенті  тұсындағы Сырдария өзенінің деңгейі 99.25 болса, Қызылорда су торабынан секундына 528,0 текше метр, «Әйтек» су торабынан  секундына 377 текше метр, ал  «Қараөзек» арнасынан секундына 125,0 текше метр су өтуде.
Аудан басшысының айтуынша  аудан бойынша Қармақшы ауылы мен Қызылтам елді мекені, сонымен бірге Иіркөл, Жаңажол жне ІІІ Интернационал ауылдары су тасқыны болу елді мекендер болып саналатынын мәлімдей келе, Бүгінгі таңда Жаңажол ауылдық округі маңынан өтіп жатқан  «Балажарма», «Оң жағалау» бөгеттерінің су тасқыны қаупі бар осал жерлерін нығайту мақсатында  «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен ауылдағы мектеп, балабақша, ауыл әкімдігі және  басқа да мекемелер мен ауыл тұрғындары, сонымен бірге аудан орталығы мен көршілес ауылдар тұрғындары жұмылдырылуда.  Осы уақыт аралығында тұрғындардың күшімен  Жаңажол ауылы маңынан өтіп жатқан Сырдария өзені бойындағы бөгеттің 3,7 шақырымы су тасқынынан қорғаныс мақсатында қадалар қағылып,  құм толтырылған қаптар, сонымен қатар пашындар мен қамыстармен  бөгелді. Осы жұмыстарға 250-ден астам адам мен 40-қа жуық түрлі техника тартылса, Қармақшы ауылында да су тасқынына дайындық жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде. «Жосалы-Жалағаш» автожолының Қармақшы ауылына кіреберіс жерінен Жосалы кентіне қарай 500 метр жер нығайтылды. Сондай-ақ, аудан бойынша 10 эвакуациялық жинақтау және қабылдау пункттері дайындалды.    
Сапар барысында ҚР Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев ағымдағы жыл басталғалы бері Сырдарияның  өзенінің су жіберу көрсеткіші шамамен 13 млрд. текше метр болғанын айта келе, Сырдария өзенінің  су көлемі әлі де артуы, сонымен бірге мамырдың 2-16 күндері аралығында жауын жаууы мүмкін екенін жеткізді. Өзен арналарының бойында жауапты қызметкерлер кезекшілік қойылғанын және алдағы уақытта аймақтағы су тасқынына қарсы  жаңа техникалармен және мамандармен толықтырылатын айтты. Атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.
ҚР-сы Су ресурстары комиетінің төрғасы Ислам Әбішевтың Қармақшы ауданында болған жұмыс сапарында онымен облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов,  «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Болат Арыстанбаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов бірге болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2017 г. 467 0