
Елордасы Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮ сессиясы «Жаңғырудың негізі-тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өтті. Жаһандану заманында елімізде жаңа серпін, үлкен бетбұрыстар жасалуда. Сессияда Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің рухани жаңғыруға белсене атсалысатынына сенім білдірді.
Бүгінде өзіміз мүше болған Ассамблеяның аудандық филиалы ел-халықтың бірлігіне, татулық пен тұрақтылығына атсалысып келеді. Ел Президенті алдымызға айқын міндет қойды. Ол еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы. Дүниежүзінде қалыптасқан ахуалға қарамастан Қазақстан қарыштап дамып келеді. Мұның дәлелі ретінде сессияда сөз алған әр өңірден келген қонақтардың айтқандарынан аңғару қиын емес. Әрқайсысы жүрегінен шыққан сөздерін айтып, жарқын болашақтың негізін қалаған Елбасына ризашылықтарын білдіріді. Біз де бақытты ұрпақтың өкілі ретінде бейбіт аспанда өмір сүріп жатырмыз. Еңбек етіп, балаларымыз білім алып, алдымызға үлкен мақсаттар қойдық.
Түріміз басқа болғанымен, тілегіміз бір. Отанымыз – Қазақстан¬ның гүлденуіне атсалыса беретін боламыз. Ұлы достық пен татулық мерекесі құтты болсын. Ел бірлігі жасасын!