Жұмыссыз жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар насихатталды

Жұмыссыз жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар насихатталды Жұмыссыз, ұйымдастырылмаған және NEET санатындағы жастармен мемлекет тарапынан жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсаты бойынша Жосалы кенті, Төретам кенті және Ақай ауылдық округі жастары арасында дөңгелек үстел өтті.
Жұмыссыз жастар арасында қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және қайта дайарлау оқыту курыстары бойынша қысқа мерзімді оқыту, 2017 нәтижелі жұмыспен қамтудың бағыттары бойынша әр сала мамандарымен ақпараттық – насихаттық топ құрылған болатын. Осыған орай дөңгелек үстелді аудандық мәслихат депутаты, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.у.а М.Ибраев жүргізіп, ақпараттық – насихаттық топ мүшелеріне сөз кезегін берді.
Шарада барысында алғашқы сөз кезегін алған Қармақшы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Ақжігітов жұмыссыз жастарға Елбасының халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатындағы 2017 жылғы нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының негізгі 3 бағыты жөнінде нақты түсінік берді. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмді дамыту бөлімінің маманы А.Досмаханов жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жастарға бағыт – бағдар беріп, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге көрсетіліп жатқан жеңілдіктер туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, қазіргі таңда тапшы болып отырған мамандықтарғада тоқталып өтті. Кездесуге қатысқан жұмыссыз жастар «Нәтижелі жұмыспен қамту -2017» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, сондай-ақ өз кәсібін бастау үшін алғашқы қадамдары бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2017 г. 842 0