
Бангкокта Uncle Fatty («Семіз аға» деп аударылады) есімді макака қатаң диетаға отырды. Себебі маймылдың салмағы қатарластарынан екі есеге көп, бақандай 15 келі болыпты, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Маймылдың семіруіне базар маңын мекен етуі себеп болса керек. Базарға келіп-кеткендер макакаға қамқорлық танытып, қолда барын береді екен. Жүгері, ананас, кокос, попкорн, сүтті коктейльдер мен кеспе – осының бәрі маймылдың бір күндік азығы.
Қамқор жандардың арқасында қарны шығып, әрең қозғалуға айналған маймыл Таиландтың жабайы табиғат қоғаушыларының назарына ілікті. «Семіз ағаны» ветеринарлық клиникаға алып кеткен олар оны қатаң диетаға отырғызған. Маймылдың салмағы өз нормасына келгенде, оны қайтадан еркіндікке жібереміз, дейді табиғат қорғаушылары.