Вьетнам және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Вьетнам және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өттіАудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» ЖҚБ-нің ұйымдасытурымен 2017 жылдың 28 сәуір күні Қармақшы аграрлық техникалық колледж залында  жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты; Жастарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, жастарға патриоттық тәрбие.
Кездесу кешін "Қорқыт елі - Қармақшы" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова жүргізіп, кездесу кешіне келген қонақтарымызбен таныстырып өтіп, алғашқы сөз кезегін Вьетнам соғысының ардагері И.Бисеновке беріліп, өз сөзінде жастарға тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлмат соғыс төңірегінде, осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, осындай Тәуелсіз елемізге қайта оралып, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз біз үшін бір бақыт және біздің ұрпақтарымыз бұндай соғысты көрмесін, оқыңдар, ізденіңдер, елі сүйер, жері сүйер азамат болып қалыптасыңдар деп өз сөзін тәмәмдады. Ауған соғасының ардагері А.Жалмағанбетов өз әңгімесінде «Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды деп сөз басын бастаған ардагер ағамыз, Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы жайында мәлімет беріп, құрметті жас ел тыныштығы, еліміздің бейбіт болашағы сіз секілді жастардың қолында деп, жастарға өзінің ыстық лебізін білдірді. Кеш барысында жастарымыз ардагер ағаларымызға сауал қойып, олардың шынайы өмірлерін қызыға тыңдады. Кездесу кешін қорытындылаған "Қорқыт елі - Қармақшы" ЖҚБ төрайымы А.Нұрмағанбетова келген кісілерге өз алғысын білдіріп, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін бүгінгі ұрпақ, бүгінгі жастар үлгі тұтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2017 г. 1 091 0