Пакьяо Мэйвезермен қарымта кездесу өткізгісі келетінін айтты

Пакьяо Мэйвезермен қарымта кездесу өткізгісі келетінін айттыЖартылай орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мэйвезермен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады vesti.kz.
Еске салайық, келесі кездесуін Мэнни шілденің 2-і күні Аустралияда жергілікті боксшы Джефф Хорнға қарсы өткізеді.
«Мэйвезермен қарымта-матч өткізгім келеді. Жарақатымнан толық емделдім. Әзірге мен бокстан ешқайда кеткен жоқпын, яғни, бұл жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз. Бірінші кездесуде мен жеңілген жоқпын», - деді Пакьяо AFL Footy Show порталына берген сұқбатында.
Бұл екі боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек 2015 жылдың 2 мамырында Лас-Вегастағы MGM Grand-та өтті. WBA super, WBC, WBO белбеулері ортаға салынған кездесуде төрешілердің шешімі бойынша америкалық боксшы жеңіске жеткен еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2017 г. 424 0