Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында мемлекет пен бизнес арасындағы сұхбат» тақырыбында «Шынтөбе» пікірталас клубының кезекті отырысы болып өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өз Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің әртүрлі нысанын белсенді қолдануға шақырды.
Бизнеске мемлекеттік қызметтердің бірқатарын тапсыру және МЖС нысаны мен түрлері арқылы жеке капиталды тарту туралы сөз болмақ. Қазіргі таңда 1,5 трлн теңге сомасындағы МЖӘ 354 жобасы жүзеге асыру мен жоспарлаудың түрлі сатысында. Оның ішінде 335 жобасы аймақтық жоба болып табылады. Соңғы бір жарым жылда 43 жобасы бойынша 31,1 млрд теңге жалпы сомасында келісім-шарт жасалды.
МЖӘ жергілікті жобасы бойынша байқау өткізу және сараптау, әзірлеу, жоспарлау бойынша әкімдікке толықтай тәуелсіздік ұсынылды.
«Бюджет заңнамасы бойынша тіркелу орталық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен тіркелу заңдылығы заңды актілердің негізінде белгіленеді»,-деді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті - Айдос Көбетов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қаржы министрлігімен бірлесе аталған өзгертулерді енгізу бойынша жұмстар атқарылады.
«Тіркелу рәсімі аймақтық қаржы басқармаларымен жүзеге асырылып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта орталықтандырылған МЖС келісім-шарттарды тіркеу рәсімдері жүргізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, биылғы жылдың 3-4 тоқсанында заңнамада нақты өзгертулер жасау қолға алынады. Және МЖС келісім-шарттарын тіркеу мәселелері де республикалық және жергілікті жобалар тарапына шешілетін болады»,-деді Айдос Көбетов.
МЖӘ жергілікті жобасы бойынша байқау өткізу және сараптау, әзірлеу, жоспарлау бойынша әкімдікке толықтай тәуелсіздік ұсынылды. Сондай-ақ, байқауды өткізуде және МЖӘ шағын үлгілік жобалар үшін – балабақша, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және т.б аймақтарда шарт жасауда жеңілдетілген рәсімдер енгізілген.
Тағы айта кететін жәйт, МЖӘ жобасы бойынша шоғырландырылған ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен инвесторлар ортасын кеңірек тарту үшін МЖӘ қазақстандық орталығында Бірыңғай ақпараттық қоры іске қосылатын болады. Бұл әлеуетті инвесторлар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.