Қызылорда облысының білім басқармасы, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі 2017 жылдың 16 наурызында Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған «білім-инновация» лицей- интернаты базасында өткізілді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтыды:
1. «Тілші-әдебиетшілер» Оқушылардың қазақ тіл білімі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтары арқылы білімін бағалау. Қазақ тілі пәнінен 50 сұрақ, қазақ әдебиеті пәнінен 50 сұрақты қамтыды, берілген уақыт мөлшері - 120 минут.
2. «Жас ғалымдар» Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болды. Қорғаушыға берілген ең көп уақыт мөлшері – 10 минут .
3. «Жазушылар» Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жазды. Эссе тақырыптары сол жерде таңдалып, қатысушыларға жұмысты орындау үшін 120 минут уақыт берілді.
4.«Сөз шеберлері» Қатысушы 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні прозалық немесе поэзиялық жанрда жатқа оқыды. Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
5. «Әнші-бұлбұлдар» Қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір әнді дәстүрлі немесе эстрадалық жанрда орындады.
Олимпиада қорытындысы негізінде 5 конкурс бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасы басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Тілші-әдебиетшілер» конкурсы бойынша:
І орын. Қожақова Нұрай, Арал ауданы, №13 мектеп;
ІІ орын. Бахрадин Нұргүл, Қармақшы ауданы, №250 мектеп;
ІІІ орын. Нұрғали Бағдат, Қызылорда қаласы, №9 БИЛ;
ІІІ орын. Бақытжанқызы Бибінұр, Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ;
ІІІ орын. Кеңесова Таңшолпан, Сырдария ауданы, №130;
«Жазушылар» конкурсы бойынша:
І орын. Бержан Гюзаль, Қазалы ауданы, №249 мектеп;
ІІ орын. Досболатова Мая, Қызылорда қаласы, №211 мектеп;
ІІ орын. Жетруова Ханым, Қармақшы ауданы, №275 мектеп;
ІІІ орын. Асылбек Сымбат, Шиелі ауданы, №45 мектеп;
ІІІ орын. Жұмажанова Дильназ, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ;
ІІІ орын. Абдулхасанова Екатерина, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ;
«Жас ғалымдар» конкурсы бойынша:
І орын. Жахат Еркебұлан, Жалағаш ауданы, №31 мектеп;
ІІ орын. Ұзақбаева Ақнұр, Қармақшы ауданы, №109 мектеп;
ІІ орын. Ералы Талшын, Шиелі ауданы, №149 мектеп;
ІІІ орын. Мырзагүл Айгүл, Арал ауданы, №220 мектеп;
ІІІ орын. Тунжер Зейнеп, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ;
«Сөз шеберлері» конкурсы бойынша:
І орын. Бақытжанова Жанар, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ;
ІІ орын. Жарылқасын Назерке, Қызылорда қаласы, №267;
ІІ орын. Нұрқасым Әдемі, Қармақшы ауданы, №274 мектеп;
ІІІ орын. Шамаева Жансая, Арал ауданы, № 2;
ІІІ орын. Тұрсынбай Ақбота, Жалағаш ауданы, №34 мектеп;
ІІІ орын. Қыпшақбаева Айгерім, Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ;
«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша:
І орын. Исахай Жұлдызай, Шиелі ауданы, №252 мектеп;
ІІ орын. Сейілхан Гүлназ, Қазалы ауданы, №165 мектеп;
ІІІ орын. Орынбай Жансая, Қармақшы ауданы, №273 мектеп;
ІІІ орын. Оразалы Сырым, Қызылорда қаласы, №9 БИЛ.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі
20-22 сәуір аралығында Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель атындағы университет базасында өткізілген «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249 мектебінің 11 сынып оқушысы Бержан Гюзаль ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.