10 ғылыми жоба ШҚО дамуына серпін береді

10 ғылыми жоба ШҚО дамуына серпін береді Биылғы жыл ШҚО үшін  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші артып, оң бағыттағы өзгерістерге жол ашты. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады. 
В 2017 год ВКО вступила с положительной динамикой по основным индикаторам социально-экономического развития, сказалакимВКО Даниал Ахметов в ходе пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций. «Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету тапсырмасына басымдылық берілді. Президент жаңа индрустрияны құрумен қатар дәстүрлі базалық салалардың дамуына серпін беру керектігін алға тартты. Бұл өнеркәсіп, көлік, логистика және құрылыс секторы»,-деді Даниал Ахметов. 
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша,  облыста дәстүрлі базалық салаға көп мән берілуде. «Ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында алғаш рет тауарлы мыс концентраты алынды. Жаңа технологияны пайдалану жолымен Бақыршы тау-кен байыту кешенінінің алтын кен орнында 129 млрд теңге инвестиция көлемімен жылына 2 млн тонна  өнімділігімен кен өңдеу жүргізілуде. Келесі жылы бұл іске қосылатын болады»,-деді Даниал Ахметов.     
Сондай -ақ, облыс әкімі көлік зауытының құрылысы жайында да айта кетті. Даниал Ахметов атап өткендей, аймақтың инфрақұрылымына шетел инвестициясын тиімді тарту мақсатында Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру  және даму банктерімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 млрд теңгеге бағаланған ішкі инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде»,-деді Даниал Ахметов. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2017 г. 554 0