69 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден озды

69 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден оздыАҚШ-та жетпіс жылға жуық бір шаңырақ астында тұрған ерлі-зайыптылар бір аурухана палатасында араларына 40 минут салып көз жұмды. 89 жастағы Тереза Ваткин 22 сәуір күні түнде Чикагодағы Highland Park ауруханасында қайтыс болды.
Оның 91 жастағы күйеуі Айзек бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өмірден озды. Туыстарының айтуынша, әжей қайтыс болар алдында екеуі қол ұстасып жатқан. Олардың қолын ажыратқан кезде ер адамның ақтық демі таусылған, деп хабарлады Associated Press. Ерлі-зайыптылардың ұлы Лео Ваткин журналистерге әкесінің анасын шексіз жақсы көргенін, одан жырақта ештеңе жасағысы келмегенін айтты. Тереза мен Айзекті жерлеу рәсімі 24 сәуір күні өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2017 г. 708 0