
Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды. Бұл жайында әншінің өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Болар істің алдын кеспе, деп айтады. Бірақ сіздің алдыңызда айтқым келіп отыр. Алдағы уақытта мені MTV Music Awards номинациясына ұсынып жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада, жанды дауыста концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын», - деді Димаш ҚР Президентіне қарата.