Алдағы үш тәулікте күн салқындайды

Алдағы үш тәулікте күн салқындайдыКавказ аумағынан жылжып келе жатқан  антициклон әсерінен Батыс Қазақстан аумағында алдағы уш тәулікте ауа райы  жауын-шашынсыз болады және жылынады деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Еліміздің қалған аймақтарында полярлы атмосфералық фронттар арктиканың суық фронттарына ұласады. Осы фронттардың әсерінен, жаңбырлы, найзағайлы ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел және ауа райының салқындауы байқалады. Егер өткен тәулік, 25 сәуірде, ауа температурасы (батыс аудандарды қоспағанда)  4-8ºС нормадан жоғары болса, 28-29 сәуірде еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында температура климаттық нормадан 2-5ºС дейін төмендейді.    


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2017 г. 644 0