Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталдыБейбiтшiлiк және келiсiм сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Жаңғырудың негiзi - тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм» тақырыбындағы сессияға елiмiздiң түрлi аймақтарынан 1500-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
ҚХА-ның XXV сессиясының қарсаңында, 2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өттi. Оның барысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа биылғы жылдың наурызында қол қойған болатын.
Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы 2016 жылы 26 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен едi. Оған да 1 500-ден астам адам қатысқан болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2017 г. 634 0