«Қазақстан» концерт залына келген халықтың санында шек болмады. Барлығы әлемді мойындатқан әнші Димаш Құдайбергенді көруге асықты. Ғимаратқа алдымен шақыру билеттері бар көрермендерді кіргізді. Алайда сыртта қалған халық та ішке лап беріп, күзетшілерге қарамай, залға кіріп кетті. Сөйтіп, «Әлем таныған Димаш» атты мерекелік шарада ине шаншар жер табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шараның басында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың ата-әжесіне шапан жауып, құрмет көрсетті. Ал ақын Жансая Мусина әншіге өз арнауын жолдады. ф