Облыс әкімдігі мен Мicrosoft компаниясы арасында байланыс орнамақ

Бүгін, 25 сәуірде Астана қаласында («Дипломат» қонақ үйі, 3-қабат, «Алматы» конференц-залы) Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Microsoft Казахстан» ЖШС директоры Рональдом Бинкофскимен кездесуі өтеді. Кездесу барысында Қызылорда облысы әкімдігі мен Мicrosoft компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.
Меморандум Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалады (онлайн қызметтер мен «Сандық Қазақстан» бағдарламасын дамыту) және білім беру саласында инженерлік компьютерлік технологияларды пайдалануды мектеп оқушыларына, студенттерге онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылады (www.education.microsoft.com). 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында Microsoft компаниясының өнімдерін пайдалану бойынша кибер-олимпиадалар өткізіп, ғылыми-әдістемелік тәжірибелер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Microsoft академиясының» кеңсесін ашу жоспарлануда.
Осылайша, екіжақты келісім Microsoft компаниясы сарапшыларының қолдауымен озық технологияларды меңгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде аймақтағы оқу орындарының бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2017 г. 417 0