Жақсы жаңалық – Астана қаласын¬да өтетін ¬ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандан¬ды-рылған көрмесіне арналған билеттерді енді біздің қалада, «Жібек жолы» сауда үйінде орна-ласқан ЭКСПО-2017 ресми билет кассасынан сатып алуға болады!
EXPO көрмесі – бұл, ең талғампаз келушілерді селсоқ қалдырмайтын халықаралық ау-қымдағы оқиға. Әлемді түбегейлі өзгертуге қабілетті иннвациялық ғылыми жетіс¬тік¬¬термен қатар, EXPO көр¬мелері өзінің келушілеріне қарапайым, бірақ, вафельді стақан, «сыдырма» ілгек немесе тіпті шолу дөңгелегі сияқ¬ты дана өнертабыстардың куәгері болу мүмкіндігін бе¬реді. Париждегі Эйфель мұна¬расы және Брюссельдегі Атомиум сияқты монументтік құ¬рылыстар, халықаралық көр-мелердің символдарына айналды. Олардың барлығы өз уақытында іс-шараны өткізудің 150 жылдық тарихы ішінде EXPO-ның әртүрлі көрмелерінде таныстырылған болатын.
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 келуші¬лерін соңғы онжылдықтағы ең өзекті және пікір-таластық тақырыптардың бірі – жасыл энергия саласындағы соңғы жетістіктер ғана емес, сол сияқты барлық отбасыға арналған бай мәдени ойын-сауық бағдарламасы күтуде. Әрбір адам осы жерде өзіне тиістіні таба алады: оқушылар мен студенттер өзіндік дамуы үшін жақсы мүм¬кіндік алады, халықаралық жаһандық проблемаларды шешуге атсалысады, әлемнің жетекші спи¬керлерінің дәрістерін тыңдайды; балалары бар отбасылар өздерінің бос уақытын танымды және қызықты өткізе алады; бизнесмендер мен кәсіп¬керлер іскерлік қатынастарды қолдау және дамыту үшін кең платформасын пайдалана алады, әлемнің жетекші компанияларымен бірге В2В кездесулеріне қатыса алады; егде жастағы адамдар әлем елдерінің павильондары бойынша жер шарын айнала саяхатын жасай алады және олардың бай мәдениетімен небәрі бір күннің ішінде таныса алады.
115 ел өздерінің павильондарын «Болашақ энер¬гиясы» көрмесінің тақырыбында безендіреді және бүкіл әлемнен келген келушілерге ұмытылмас эмоциялар мен жарқын әсерлерін сыйға тартады.
Көрмеге бару үшін билет сатып алу керек. Егер сіз, ЭКСПО-2017 көрмесіне бару күнін анықтаған және өзіңіздің бос уақытыңызды жоспарлаған болсаңыз, сізге жұмыс күні немесе демалыс күніне арналған белгіленген күні бар билет сәйкес келеді, олардың бағалары 4000 және 6000 теңгені құрайды. Егер сіздің баратын күніңіз әлі де жоспарланбаған болса, онда сол сияқты жұмыс немесе демалыс күндеріне арнал¬ған ашық күні бар билетті сатып алуға болады (6000 және сәйкесінше 8000 теңге). Ашық күні бар билетті міндетті түрде алдын ала немесе сіздің Көрмеге баруыңызға сәйкес келетін күні, белгіленген күні бар билетке алмастыру қажеттілігіне назар аударыңыз.
Билеттерді сондай-ақ tickets.expo2017astana.com ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған билеттерді сату бойынша ресми сайтынан сатып алуға болады.
Сіздің назарларыңызды, азаматтардың же¬ңіл¬дікті санаты үшін Көрмеге арналған кіру би-леттері бойынша арнайы тарифтердің қарас¬тырылғандығына аударғымыз келіп отыр:
1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері (сонымен қатар аталған санатқа жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілгендер), барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балалар Көрмеге тегін жіберіледі.
2. 50%-дық жеңілдік оқушылар, студенттер, зейнеткерлер және көпбалалы ата-аналар, сонымен қатар 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған азаматтары бар отбасы мүшелері үшін әрекет етеді.
Аталған тарифтер тек қана Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының тұрғындары үшін қарастырыл-ғандығына назар аударыңыз. Жеңілдікті билетті, жеңілдікті растайтын құжатты көрсете отырып, Көрме кірісінде орналасқан кассалардан сатып алуға немесе алуға болады.
Егер сізде сұрақтар қалған болса, Көрмеге арналған билеттер бойынша барлық ақпаратты tickets.expo2017astana.com ресми билет сайтынан немесе 8 (7172) 72-71-09 байланыс орталығының нөмірі бойынша алуға болады.
ЭКСПО-2017 көрмесінде көріскенше!