Ә.Тәжібаев атындағы об¬лыстық кітапханада «Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды. Акция биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Акцияны кітапхана директоры Н.Мырзамұратова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры, белгілі қаламгер Қ.Есімсейітова сөз алып, кітапханадағы игілікті шараға сәттілік тілеп, жастарды кітап оқуға, құрметтеуге шақырды.
Кітапханада қызықты да тағы¬лымды мәдени шаралардың куә¬сі болдық. Шараға келушілер «Си¬қырлы қала» алаңындағы «Кітап мұхитының маржандары» атты кітап көрмесімен танысып, «Ертегімен есейем» атты ертегі-шоуды тамашалады. Театрландырылған қойылым көрсетілді. Балалар ертегі желісі бойынша ән айтып, би биледі. Қиялға толы ертегі әлемі балаларға қуаныш сыйлады.
«Әдеби шаңырақ» алаңында жергілікті ақын-жазу¬¬шылармен кездесу ұйымдастырылды. Кітапхана қыз¬меткерлері акцияға қатысушы қонақтардан кештің өту барысы, алған әсерлері, сүйікті ақын-жазушылары, сүйіп оқитын кітап¬тары туралы «ашық микрофон» ұйым¬дастырды.
Кеш қонақтары «Әдеби кафеде»» сайысқа қаты¬сып, өз бақтарын сынады. Белсенді қатысушыларға түрлі коктейльдер ұсынылды. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандарының қа¬ты¬суымен өткен «Көктем аруы» байқауы қызықты өтті. Қы¬зы묬орда гуманитарлық-эко¬но¬м謬ка¬лық колледжінің студенті Б.Алмабек «Көктем аруы – 2017» бай¬қауы¬ның жеңімпазы деп танылды. Байқауға қатысушылар «Инабатты ару», «Өнерлі ару», «Сымбатты ару», «Зерделі ару», «Көрікті ару» номинациясымен марапатталды. «Кітапхана арбаты» алаңында қолөнерге баулитын шеберлік сыныптары өткізілді. «Фотосуреттер галереясында» жастардың қолынан шыққан акварельді картиналар мен фотосуреттер қойылды. «Жан и Я» сән салоны түрлі қызметтерін тегін ұсынды. Жастар «Сән өнері» костюмдер дефилесін тамашалап, «Харизма» дарын және сән академиясының жаңа топтамаларымен танысты.
Би өнеріне икемі бар талантты жастар «Сиқырлы би әлемінде» ырғақты көңіл-күй ¬сыйлайтын би¬лерді, сондай-ақ ұлттық және заманауи билерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. «Biblio спорт» алаңында шахматтан әлем чем¬пионатының жеңімпазы Самал Абдуалимен бір мезгілде ойын сеансы өткізіліп, жастар белгілі шахматшымен ¬сайысу құрметіне ие болды. Жастар жеңім¬пазбен бірге тартысты ойын өткізді.
Кітапхананың цокольды қаба¬тында ең батыл қатысушылар үшін «Елестер лабиринтіндегі қызықтар» атты ойын-саяхат ұйымдастырылды. Олар кітапхананың жұмбақ қоры¬мен танысты.
Кітапханаға келушілер «Рахмет саған, кітапхана!» атты тақтаға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жазып қалдырды. «Кітапханадағы түн» акциясы өз оқырмандарына қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлады.
Шынар БЕКБАН.