Димаш – Астанада

Димаш – АстанадаҚытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, қазақ мәдениетін әлемге танытқан Димаш Құдайберген бүгін таңғы 06:50-де Астанаға ұшып келді. Оны күтіп алуға ата-әжесі, туыстары және өнеріне тәнті жанкүйерлері келді. Бейжің әуежайына Димаш қазақтың көк түсті оюлы шапанын киіп келген. Қытайлық фанаттары әншіні қимай шығарып салды.
Еске сала кетсек, бүгін 18:30-да Астананың Орталық концерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Кіру тегін.
Димаш – Астанада
Димаш – Астанада
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2017 г. 667 0