АНТ БЕРГЕН АДАЛ БОЛАДЫ

АНТ БЕРГЕН АДАЛ БОЛАДЫОблыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жаңа қызметкерлермен толықты. Жуырда тағайындалған 19 жас маман қаладағы «Рәміздер» алаңында сенбі күні салтанатты түрде ант қабылдап, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуға серт берді. 
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, адал қызмет етуге сенім білдіргендер қатарында Мереке Досжанова да бар. Кәсіби маман ретінде қалыптасуды мақсат еткен бойжеткен алдағы уақытта жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарап, сенімді ақтауға күш салатынын айтты. Саладағы алдыңғы буын өкілдері де жастарға сәттілік тілеп, аманатты орындау абыройлы борыш екенін жеткізді.
– Ант қабылдау – Ішкі істер органдарындағы маңызды қадам¬ның бірі.  Себебі, мұндағы әрбір қызметкер  өз жұмысын тия¬нақ¬ты, мінсіз атқаруы қажет. Жас мамандардың алдағы уақытта мем¬лекет алдындағы борышын адал орындайтындарына сенім білдіреміз, – деді облыстық қыл¬мыстық атқару жүйесі де-партаменті бас¬тығының орынбасары Талғат Тұрлыбаев.
Мөлдір СНАДИН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2017 г. 538 0