КОЛЛЕДЖ ӨМІРІНЕ СЕРПІН БЕРДІ

Мемлекет басшысының «Бола¬шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын үлкен ықыласпен оқып шық¬тым. «Рухани жаңғыру» де¬ге¬ніңіз баршамыз асыға күт-кен,  жүрекке жылы тие¬тін сөздер ғой!  Мақалада кө¬теріл¬ген қазақ тілін латын әліп-биіне көшіру, «Туған жер» бағдарламасы сияқты бастамаларды қалың жұртшылық жан-жүрегімен құптап, қуана қарсы алатыны сөзсіз. Бәсекелік қабі¬лет, прагматизм, ұлттық бір嬬гейлікті сақтау, сапалы білім беру мәсе¬лелері, материалдық жаңғыру шарттары – бұлар адамның жан дүниесі мен рухани табиғатына оң әсерін тигізеді деген ойдамын.
Өткен тарих пен дәстүрді, асыл құн¬ды¬лықтарды қайта жаңғыртып, ұлттық біре-гейлігімізді сақтап қалуды ұсынып, «Туған елден» «Туған жер» бағдарламасына көшу¬ді ұсынуының өзі тамаша бастама емес пе? Өйткені, бұл мәселе біздің ұлтымыздың бола¬шағы мен рухани әлеуетіне тікелей қатысты. 
Еліміздің болашағы – бүгінгі  жастар еншісінде. Қазіргі әлемдік нарық сұранысында қабілет таныта алатын кәсіп иесін даярлау міндеті тұр. Елбасы өз бас-тамасымен биылдан бастап  «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастағанын баса айтты. 
Қазыналы Қазалы тарихында өзіндік орны бар Қазалы көлік-техникалық колледжі 1929 жылдан бері теміржол саласына білікті мамандарды даярлап келеді. Ғасырға жуық тарихы бар Қазалы көлік-техникалық колледжі қазіргі таңда еңбек нарығына қажетті 11 мамандық бойынша кәсіби білікті жұмысшы мамандарды дайындауда. Ұжымда 120 инженер-педагог еңбек етеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 698 оқушы білім алуда. Мамандықты оқытуға арналған 36 оқу кабинеті, оның ішінде: 24 арнаулы пән, 12 жалпы білім беретін пән кабинеттері, 6 шеберхана, 4 зертхана және 3 полигон, 150 орынды клуб, 100 орындық ғылыми-әдістемелік орталық, 100 орынды асхана, 100 орынды жатақхана, 20 мыңға жуық кітап қоры бар кітапхана, оқу-жаттығу залы (фитнес клуб) және жылыжай (теплица) жұмыс жасайды.
Колледж ұжымы бүкіл әлемдік банк есебінен қаржыландырылатын «Техни¬калық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» Жобасына қатысып,  57 млн  теңге грантының иегері атанды. Нәтижесінде, 26 инженер-педагог Франция, Германия, Чехия, Белоруссия және Ресей мемлекеттерінде білім жетілдіріп келді. 
Қазіргі таңда колледж дуалды оқыту жүйесі аясында «ҚТЖ» «ҰКАҚ» Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы филиалы, «Қамқор-Локомотив» ЖШС ҚЛЖД және «Локомотив» Қызылорда АҚ локомотив пайдалану депосымен  көпжақты келісім шартқа отырған, аталған базалық мекемелермен өндірістік оқуда машықтануға толық жағдай жасалған.
Біз Елбасының саяси бағытының сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдай¬мыз. Біз өз халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған Елбасының ұстанған бағытын бәріміз болып кеңінен қолдаған кезде ғана қазақстандықтардың дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін боламыз.
Болатбек АХМЕТОВ, 
Қазалы көлік-техникалық
колледжі директоры,
ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2017 г. 543 0